Балқаш қаласында жаңа мектеп салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқаш қаласында жаңа мектеп салынды

10.07.2024

Балқаш қаласында жаңа мектеп бой көтерді. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қарағанды облысында бірнеше білім ошағының құрылысы жүріп жатыр. Нәтижесінде өңірдегі апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектептердің мәселесі шешілмек.

Жаңа аудан маңынан тұрғызылып жатқан мектеп үш қабатты болады. 900 орындық білім ошағында жиын залы және 2 дене шынықтыру залы, асханасы, кітапханасы бар. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін жеке бөлімдер салынған.

Қаныш Қалауов, құрылыс учаскесінің басшысы:

Қазір ішкі әрлеу жұмыстары, сантехникалық жұмыстар, электр тоғын тарту қолға алынған. Шатыр жұмыстары жүріп жатыр. А1, А2 блогындағы шатыр жұмыстары аяқталып қалды. 80 пайызға жұмыстар орындалды.

Балқаш қаласында мектеп тапшылығы айтарлықтай бар. Мысалға 1000 оқушыға шақталған білім мекемелерінде 1350 балаға дейін оқуға мәжбүр. Енді жайлы мектеп тапсырылған соң бұл мәселе түбегейлі шешіледі, дейді мамандар

Қарлығаш Дүбірбекова, Балқаш қаласы білім бөлімінің басшысы:

Барлық оқу процесіндегі кітапханалар, балаға қызмет көрсететін интернет, коворкинг залдары, оқу бөлмелері, асханасы, дәліздерінің өзі балаларға психологиялық жағынан балалардың жас ерекшеліктеріне сай заманауи жабдықталған.

Жандос Бақытұлы, тілші:

Балқаш қаласында бүгінде 25 мектеп бар. Бұл 26-шысы. Жалпы облыс бойынша ұлттық жоба аясында 18 жайлы мектеп салынбақ. Бұл жоба 2025 жылға дейін аяқталуы тиіс.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу