Ақмола облысында қайтыс болған қарияның атынан заңсыз зейнетақы алып келген тұрғын сотталды. Ол 2021 жылы әжесінің қайтыс болу дерегін уәкілетті органдардан жасырып, зейнетақы банк картасын пайдаланып келген. Осылайша 3 жыл ішінде 4 миллион теңгеден астам қаржыны қалтасына басқан. Нәтижесінде айласы әшкерленіп, 3 жылға бас бостандығынан айырылды
Жандос Бақытұлы