Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтықпен жүрген 30 адам анықталды. Бұл туралы облыстық Көші-қон полициясы хабарлады. Сегіз азамат бірден Қазақстан аумағынан шығарылды. Полицияның мәліметінше, шетелдіктер азаматтықтан шыққан соң, бұрынғы төлқұжатты құзырлы органға тапсыруға құлық танытпайды. Бұл заңға қайшы. Ал Қазақстанның төлқұжатын немесе жеке куәлігін шет ел құжатымен қатар қолданып ұсталған жағдайда жауапкершілікке тартылады.
Олжас Керейхан