Олимпиада медальдары Эйфель мұнарасының сынығымен безендірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада медальдары Эйфель мұнарасының сынығымен безендірілді

09.07.2024

Алдағы Париж Олимпиадасында жеңіс тұғырына көтерілгендер Эйфель мұнарасының бір бөлігімен марапатталады. Алтын, күміс, қола медальдардың бетіне әйгілі монументтің металл сынығынан жасалған алты бұрышты жетон салынады. Бұл идеяның мақсаты - жаһандық спорттық доданы Францияның символымен байланыстыру. Париж Олимпиадасы шілденің 26-да ашылатынын айта кетейік. Ел астанасының мәнет сарайы оған арнап 5084 медаль әзірлегенін мәлімдеп отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу