Ал, Индонезияда төпелеп жауған жаңбырдан лай көшіп, 12 адам қаза тапты. Тағы 48-і жоғалып кеткен. Қайғылы оқиға Сулавеси аралында болды.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, ауыр батпақ заңсыз жұмыс істеген алтын кенішін басып қалған. Қазір ауылдың 100-ден астам тұрғыны шахтаны лайдан тазартып, жер астында қалып қойған адамдарды құтқаруға әрекет жасап жатыр. Индонезия ақпарат құралдарының хабарлауынша, апат алдында 44 жұмысшы кеніштен кетіп үлгерген.
Арыстан Рысбек