Қазақстанның әлемдегі түрлі қақтығыстарды реттеу тұрғысында орта держава ретіндегі рөлі артып келеді. Президенттің қабылдауында болған қоғам қайраткері, академик Мұхтар Құл-Мұхаммед, осындай ой айтты. Сонымен қатар саммитте қабылданған Астана декларациясы мен жиырмадан астам құжаттың әлемдегі қауіпсіздікті одан әрі нығайтуға зор үлес қосатынын жеткізді.
Жалпы кездесуде Қазақстанның ғылымы мен мәдениеті, мемлекеттік және ақпараттық қауіпсіздігі, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Президент халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара сенім мен тату көршілікті нығайтуда қоғамдық дипломатия ерекше рөл атқаратынын айтты.
Оңғар Алпысбайұлы