«Бірлігіміз - әралуандықта». Бүгін Алматыда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі мен мәдениетін әлемге танытатын жоба таныстырылды.
Бірегей бастаманы насихаттауға Қазақстан халқының Ассамблеясы мен Азаматтық альянс өкілдері, сондай-ақ барлық мәдениет жанашырлары ат салыспақ. Алғашқы шара республика күніне орай басталып, әрі қарай барлық өңірде өтеді деп күтілуде. Бас-аяғы бір жылдың ішінде 100-ден астам мәдени іс-шара ұйымдастырылмақ.
Қайыржан Әбдіхалықов, Алматы Азаматтық альянсының төрағасы:
Бұрын әр этно-мәдени орталық өзін көрсетсе, енді қазір оны жүйелі түрде аламыз да, қандай оның жақсы жақтары бар, басқа мүмкін этно орталықтарға, басқа этностарға, сол бастамаларды олардан аламыз да республика көлімінде таратамыз.
Әйгерім Ердәулет