Ақ үй Байденнің паркинсон ауруына шалдыққанын жоққа шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақ үй Байденнің паркинсон ауруына шалдыққанын жоққа шығарды

09.07.2024

АҚШ президенті Джо Байден паркинсон ауруына шалдыққан жоқ. Оған қарсы дәрі ішіп, емделген емес. Мұны Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер дүйсенбі күні өткен брифингте мәлімдеді. Тағы бір сөзінде өкіл Құрама Штаттардың НАТО-дағы одақтастары Вашингтон саммиті қарсаңында Байденнің денсаулығына алаңдағанын жоққа шығарды. Мұндай күмән өткен жолғы теледебаттан кейін күшейді. Пікірталаста Америка лидері сөзден қайта-қайта шатасып, Дональд Трамптан ұтылып қалды. Осыдан кейін көптеген партияластары мен Конгресстегі 6 демократ, Байденді сайлауға қатысу жоспарынан бас тартуға шақырып отыр. Бірақ президент бұл ұсынысты қабылдамай, қарашаның 5-де негізгі мемлекеттік пост үшін бақ сынауға бел буған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу