Шығыс Қазақстан облысында 8 адам кене энцефалитіне шалдықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында 8 адам кене энцефалитіне шалдықты

09.07.2024

Шығыс Қазақстан облысында 8 адам кене энцефалитіне, тағы 4 тұрғын боррелиоз ауруына шалдықты. Бұл екі инфекция да кенеден тарайды. Зиянды жәндік шаққан жағдайда медициналық көмекке жүгінбесе, адам мүгедек болып қалуы мүмкін. Қазір, дәрігерлердің бақылауындағы боррелиоз бен энцефалитке шалдыққан науқастардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Арнайы вакцина салынған соң, амбулаториялық режимде ем қабылдауға жіберілді. Аймақта биыл көктемнен бастап 3 мыңнан астам адамды кене шаққан. Зиянкестен тек, Өскемен қаласынан 1500 адам зардап шеккен. Одан соң, Риддер мен Алтай аудандарында да биыл кене көп. Ал өңірде кенеге қарсы 3000-ға жуық адамға иммуноглобулин вакцинасын салғызып алған. 

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу