Франциядағы парламенттік сайлауда солшылдар коалициясы жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франциядағы парламенттік сайлауда солшылдар коалициясы жеңіске жетті

08.07.2024

Францияда өткен парламенттік сайлаудың екінші турында солшылдар, яғни социалистер мен жасылдар жеңіске жетті. Ал өткен раунда басым түскен оңшылдар немесе ұлтшылдар үшінші орын алған. Дегенмен, ешқандай партия парламентте басымдыққа ие бола алмады. Сондықтан жаңа үкімет оңай құрылмайтын тәрізді.
Сайлау нәтижесі жарияланғаннан кейін, елдің бірнеше қаласында шерулер полициямен қақтығысқа ұласты. Тақырыпты Арыстан Рысбек жалғастырады.))

Францияда жексенбі күні өткен парламенттік сайлаудың екінші турында солшылдар коалициясы – «Жаңа халықтық майдан» жеңіске жетті. Оларға заң шығару органынан 182 мандат бұйырған. Бұл одаққа жасылдар мен социалистер кіреді.

Оливье Фора, Франция социалистік партиясының төрағасы: 

Бүгін кешке Франция әсіре ұлтшылдар партиясының билікке келуіне «жоқ» деп жауап берді. Сіздер арқылы бізге жеңісті әперген миллиондаған французға алғыс айтқым келеді.
Дегенмен, солшылдарға үкімет құру қиынға соқпақ. Себебі олар Ұлттық ассамблеядағы 577 орынның басым бөлігін иелене алмады. Демек, министрлер кабинетін жасақтау үшін өзге партиялармен келіссөз жүргізуге тура келеді.

Екінші орында – президент Эммануэль Макрон бастаған центристер. Оларға парламенттен 168 мандат тиді. Ал Марин Ле Пен Пен мен Жордан Барделланың әсіре ұлтшылар одағы - «Ұлттық бірлестік» үшінші сатыдан көрініп, 143 депутаттық орын алған.

Марин Ле Пен, Әсіре оңшылдар лидері:

Мен ескерткен батпаққа ақыры жеттік Өкінішті, жеңіліп жатырмыз. Тағы бір жылды реттелмеген иммиграциямен, сатып алу қабілетіміздің құлдырауымен, елдегі тұрақсыздықтың ушығуымен жоғалтайын деп отырмыз.
Сайлау аяқталды. Үкіметке жаңа партия келуі керек. Сондықтан бүгін премьер-министр Габриель Аттал Макронға отставкаға кету туралы өтініш беріп жатыр. Ал сайлау нәтижесі жарияланғаннан кейін Париждің «Республика» алаңында жеңілген партиялардың жақтастары мен қарсыластарының шеруі қақтығысқа ұласты. Осындай тәртіпсіздіктер басу үшін Лион пен Нантеде полицейлер көзді жасаурататын газ қаруын қолданған.

Хабарламаларға жазылу