Тайынша ауданынан Қытайға ұн экспортталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайынша ауданынан Қытайға ұн экспортталады

08.07.2024

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы Аймақ ауылынан, Қытайға жоғары сұрыпты ұн мен аралас мал азығы экспортталмақ. Қытаймен бірлескен жоба аясында, ашылған кәсіпорында 80 адам жұмыс істейді. Биыл макарон өнімдерін шығаратын цех ашылмақ. Қазір нысанның құрылысы жүріп жатыр. Тағы да 100 тұрғынды жұмыспен қамту жоспарланған. Зауыттың қуаты- жылына 30 мың тонна аралас жем мен 10 мың тонна ұн шығаруға мүмкіндік береді. Зауыт қызметінің басым бөлігі автоматтандырылған.

Шуан Ян Цуй, зауыт инженері:

Құрылыс былтыр қыркүйек айында басталды. Қыс бойы дайындық жүргізіліп, өндірісті мамыр айында іске қостық. Бірнеше ай сынақ жүргізілді. Бәрі сәтті өтті. Өнім тамыз айынан Қытайға жөнелтіле бастайды. 


Хабарламаларға жазылу