«Астана» радиосының «Мен қазақпын!» ақпараттық-танымдық бағдарламасына - 10 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» радиосының «Мен қазақпын!» ақпараттық-танымдық бағдарламасына - 10 жыл

29.11.2016
Дүйсенбі мен жұма аралығында түрлі айдармен тыңдарманға жол тартатын бағдарламаның 30 мыңға жуық саны эфирге шыққан. Мерекелік шара аясында Тәуелсіздік шежіресінен сыр шертетін ең үздік хабарлар «Мәңгілік ел - ұлт мұраты» деген атаумен арнайы дискіге жинақталып, тыңдарманға жол тартты.
«Мен қазақпын!» бағдарламасының шығармашылық ұжымы 2006 жылы халықаралық «Шабыт» байқауының бас жүлдесіне, сондай-ақ, 2010 жылы ҚР Президентінің алғысхатына ие болған.


Назерке АХМЕТОВА

Хабарламаларға жазылу