Байден сайлауға қатысудан бас тартпайтынын ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден сайлауға қатысудан бас тартпайтынын ескертті

06.07.2024

АҚШ президенті Джо Байден де, күзде өтетін сайлау бәсекесінен бас тартпайтынын ескертті. Мұндай мәлімдемені, ол "Эй-би-си" телекомпаниясына берген сұқбатында жасады. Айта кетсек, жақында өткен теледебатта, Байден республикалық қарсыласы Дональд Трамптан жеңіліп қалды.

Содан кейін, демократ-партияластары президенттің денсаулығына күмән келтіріп, оны сайлауға түспеуге шақырып отыр. Алайда, Байденнің айтуынша, оның пікірталаста есе жіберуіне Еуропаға жасаған сапардан кейін қатты қалжырауы себеп болған.


Хабарламаларға жазылу