«Көші-қон мәселелері бойынша» заңға түзетулер енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көші-қон мәселелері бойынша» заңға түзетулер енгізілді

06.07.2024

«Көші-қон мәселелері бойынша» заңға түзетулер енгізілді. Енді Қазақстан азаматтығын алғысы келетін шетелдіктер арнайы емтихан тапсыруға міндеттелмек. Емтихан ережелері мен сұрақтарын Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірледі. Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Емтихан тест форматында өтеді және 100 сұрақтан тұрады. Азаматтық алу үшін кем дегенде 60 балл жинау керек. Оның ішінде тыңдау бойынша – кемінде 12 ұпай, оқу бойынша – ең азы 24 ұпай, Конституциядан – кемі 9 балл, ал тарих бойынша ең аз дегенде 15 балл жинау шарт. Сынақтан өтуге 2 сағат 10 минут уақыт беріледі. Мүмкіндігі ерекше жандарға 30 минут қосылады.

Кәмелетке толмаған, әрекетке қабілетсіз тұлғалар және этникалық қазақтар бұл емтиханнан босатылады. Бұл санатқа сондай-ақ Қазақстанға сіңірген еңбегі ерекше немесе қажетті кәсібі бар тұлғалар және халықаралық шарттар бойынша азаматтықты жеңілдетілген жолмен алуға құқығы бар адамдар да жатады.


Хабарламаларға жазылу