Адам саудасы, вандализм және бөтеннің мүлкін бүлдіргендерге заң күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адам саудасы, вандализм және бөтеннің мүлкін бүлдіргендерге заң күшейді

06.07.2024

Мемлекет басшысы Адам саудасына қарсы күрес, вандализм мен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтетін және бөтеннің мүлкін бүлдіргендерге жаза тағайындайтын Заңға қол қойды.

Атап айтқанда, Қылмыстық кодекске «адам саудасына байланысты қылмыстар» деген жаңа ұғым енгізілді. Ол - адам ұрлау, адам саудасы, оның ішінде кәмелетке толмағандарды сату, жезөкшелікпен айналысуға итермелеу. Заңда мұндай қылмыстарды жасағаны үшін/ татуласу арқылы қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тыйым салынады. Кәмелетке толмағанын біле тұра пайдаланғандарға да, қылмыстық жауапкершілік енгізілді.

Бұдан бөлек, Заңда алғаш рет вандализм қылмысының сараланған құрамдары айқындалды. Яғни әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни араздықпен әдейі жасағандарға жауапкершілік ауырлайды.

Бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін де жаза күшейді. Дәл осындай қылмыстық жауапкершілік/ тарихи, мәдени ескерткіштерді, кешендерді немесе мемлекеттің қорғауына алынған объектілерді, құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін белгіленді. Осы тектес қылмыстарды жасағаны үшін/ бұдан былай қылмыстық жауапкершілікке 16 жастан емес, 14 жастан бастап тартылады.

Қылмыстық кодекске «адам саудасына байланысты қылмыстар» деген жаңа ұғым енгізілді. Ол адам ұрлау, адамды заңсыз бас бостандығынан айыру, адам саудасы, оның ішінде кәмелетке толмағандарды сату, жезөкшелікпен айналысуға итермелеу және басқа да қауіпті қылмыстық әрекеттерді қамтиды.

Заңда мұндай қылмыстарды жасағаны үшін татуласу арқылы қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тыйым салынады.

Сонымен қатар адамның кәмелетке толмағанын біле тұра, жезөкшелік немесе сексуалдық сипаттағы қызметтерін пайдаланғаны үшін алғаш рет қылмыстық жауапкершілік енгізілді.

Заңда кәмелетке толмаған адамды сексуалдық сипаттағы қызмет көрсетуге, соның ішінде мұндай істі насихаттау немесе жарнамалау арқылы тарту фактілері қылмыс деп танылады.

Вандализммен күрес:

Бұдан бөлек, Заңда алғаш рет вандализм қылмысының сараланған құрамдары айқындалды. Яғни әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни араздық себебімен, бір топ адам немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған, әсіресе, қараулықпен әдейі әрі бірнеше рет вандализм жасау жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлардың қатарына жатқызылады.

Бөтеннің мүлкін қасақана жойған немесе бүлдірген:

Бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін жауапкершілік күшейтілді.Оны бір топ адам немесе бірнеше рет және қылмыстық топ болып жасағаны үшін жауапкершілік енгізілді.

Дәл осындай қылмыстық жауапкершілік тарихи, мәдени ескерткіштерді, табиғи кешендерді немесе мемлекеттің қорғауына алынған объектілерді, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін белгіленді.

Осы тектес қылмыстарды жасағаны үшін бұдан былай қылмыстық жауапкершілікке 16 жастан емес, 14 жастан бастап тартылады.


Хабарламаларға жазылу