Сондай-ақ, Көкшетау қаласында да, тасқыннан зардап шеккен отбасыларға пәтер кілті табысталды. Олардың баспанасы тұруға жарамсыз болып қалған. Бұл арнайы комиссияның шешімі. Жалпы өңірде су кірген екі мыңға жуық үйдің 500-ден астамы апатты, деп танылды. Сондай-ақ, бүгін үй кезегінде тұрған тағы 8 адам баспаналы болды. Олардың қатарында көпбалалы аналар, зейнеткерлер және әлеуметтік аз қамтылған отбасылар бар. Облыста баспана алу үшін 9 мыңнан аса адам кезекте тұр.
Раиса Доғалақова, көпбалалы ана:
18 жыл күттім. Он балам бар. Зейнеткермін. Немерем бар. Шөберелерім бар. Біз сияқты көпбалалы аналардың барлығы үй алатын болсын. Қуаныштымын.
Ұмсындық Наурызбаева