Иранда президент сайлауының екінші туры өтіп жатыр. Саяси науқанның алғашқы кезеңі 28 маусымда өткен болатын. Осыдан бірер сағат бұрын елдің рухани жетекшісі аятолла Хаменей Тегерандағы сайлау бөлімшелерінің бірінде дауыс берді. Президенттікке екі адам үміткер. Олар – Масуд Пезешкиан мен бұрынғы ядролық келіссөз жүргізуші Саед Джалили. Бюллетень тастайтын учаскелер жергілікті уақытпен таңғы сағат 8-де ашылды. Кешкі алтыда жабылады. Сайлаудың соңғы нәтижесі сенбі күні жариялануы керек. Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раиси мамырда тікұшақ апатынан қаза тапқан еді.
Арай Төлегенқызы