Депозиттерге кепілдік беру қоры жеке компанияларға қаражатты басқаруға береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депозиттерге кепілдік беру қоры жеке компанияларға қаражатты басқаруға береді

05.07.2024

Еліміздің Депозиттерге кепілдік беру қоры 200 миллиард теңгені жеке компанияларға басқаруға бермек. Қаражатты беруге Ұлттық банк өз келісімін беріп отыр. Қордың мәліметінше, бірнеше компанияға берілетін сома еселеніп қайтады. Бастысы арнайы резервтегі қаржы түгел сақталады. Айта кетейік, Депозиттерге кепілдік беру қоры екінші деңгейлі банктердегі жинақтарға кепіл береді. Қазір кепіл сомасы – ұлттық валютада сақталған депозиттер үшін – 20 млн теңге, ал шетел валютасындағы жинақ бойынша – 5 млн теңге.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу