Алматы облысында бір мезетте мың өнерпаз күй тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында бір мезетте мың өнерпаз күй тартты

05.07.2024

Алматы облысында Ұлттық домбыра күніне орай бір мезетте мың өнерпаз күй тартты. Оған аудандық және қалалық мәдениет орталықтарының жанынан жұмыс істейтін 80 үйірменің шәкірттері қатысқан.

Сонымен қатар, белгілі күйші, композитор Секен Тұрысбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Мейрамбек Бесбаев пен Нұркен Әшіров сынды аға буын өкілдері, ел арасында кеңінен таралған шығармаларды орындады. Арнайы мерекелік бағдарлама көрермендерді Құрманғазы Сағырбайұлының классикалық шығармаларымен, сонымен қатар композитор Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» сияқты заманауи әуендерімен де қуантты. Күмбірлеген күй төгілген іс-шара Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның мерекелік концертіне ұласты.

Хабарламаларға жазылу