Солтүстік Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдар жөнделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдар жөнделеді

05.07.2024

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар 385 шақырым жол қалыпқа келтіріледі. Екі жылдық жоба аясында 200 шақырым жол жөнделмек. 24 су өткізу құбыры ауыстырылады, 72-сі жөнделеді.

Олардың басым бөлігі су тасқыны кезінде зақымданған. Сонымен қатар, 2 мыңға жуық жол белгісі, демалыс алаңқайлары мен 50 аялдама жаңартылады. Облыс аумағында республкалық маңызға ие 2 мыңға жуық шақырым жол бар. Жөндеуден кейін сапа едәуір артады дейді мамандар.

Қанат Өсербаев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ СҚО филиалы директорының орынбасары:

10 обектгіге орташа жөндеу жоспарлануда. Конкурс жүріп жатыр. Ендігі айдың соңына қарай мердігеркомпания анықталып, жұмысты бастаймыз. 385 шақырым, екі жылдық.

«Шемонаиха – Өскемен» тас жолы жөнделеді

Ал Шығыс Қазақстан облысында Шемонайха-Өскемен тас жолы жөнделеді. Мәжіліс депутаттары, тұрғындармен кездесті. Жергілікті халықты аталған тасжол мен Үбі өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін жөндеу мәселесі толғандырады. Депутаттар, Президенттің тапсырмасымен шекаралық аудандардың дамуы назарда екенін, биыл Шемонаиха мен Өскемен арасында салынатын жолдың құрылысына тендер өткізілетінін жеткізді. Депутаттар Қазақстан мен Ресей шекарасындағы шекара бақылау-өткізу пунктінің жұмысымен де танысты.

Хабарламаларға жазылу