Ұлыбританияда өткен Жалпы сайлауда Лейбористер жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда өткен Жалпы сайлауда Лейбористер жеңіске жетті

05.07.2024

Ұлыбританияда өткен Жалпы сайлауда Лейбористер жеңіске жетті. Бұған дейін бірнеше жыл оппозицияда болған партия көп дауыс жинады. 

Марина Бекенова, тілші:

Лейбористер парламенттің Қауымдар палатасындағы 650 орынның 400-ден астамына қол жеткізді. Консерваторлар 110-дай дауыс жинап, антирекорд орнатты. Үшінші орында Либерал-демократтар. Жеңімпаз партияның көшбасшысы Кир Стармер өзгерістердің уақыты келіп жетті,- деп мәлімдеді.

Кир Стармер, Лейбористер партиясының көшбасшысы:

Біз өмірдің жаңа парағын ашамыз дедік және дегенімізге жеттік. Бүгін біз келесі тарауды бастаймыз: билік партиясы жасаған бейберекетсіздікті тоқтатамыз, өзгерістер әкелеміз. Сіздерге рахмет!

Жаңа премьер-министр Кир Стармер 61 жаста. Англияның Лидс университетін азаматтық құқық мамандығы бойынша үздік аяқтаған. 4 жылдан бері Лейбористер партиясына жетекшілік етіп келеді. Риши Сунак жеңілісі үшін әріптестерінен кешірім сұрады. Енді ол үшінші Чарльз патшаның қабылдауында болып, қызметінен босату туралы өтініш білдіреді.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу