Еліміздің Депозиттерге кепілдік беру қоры 200 миллиард теңгені жеке компанияларға басқаруға береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің Депозиттерге кепілдік беру қоры 200 миллиард теңгені жеке компанияларға басқаруға береді

05.07.2024

Еліміздің Депозиттерге кепілдік беру қоры 200 миллиард теңгені жеке компанияларға басқаруға бермек. Қаражатты беруге Ұлттық банк өз келісімін беріп отыр. Қордың мәліметінше, бірнеше компанияға берілетін сома еселеніп қайтады.

Бастысы арнайы резервтегі қаржы түгел сақталады. Айта кетейік, Депозиттерге кепілдік беру қоры екінші деңгейлі банктердегі жинақтарға кепіл береді. Қазір кепіл сомасы - ұлттық валютада сақталған депозиттер үшін – 20 млн теңге, ал шетел валютасындағы жинақ бойынша – 5 млн теңге.

Нұржан Тұрсынханов, ҚР Ұлттық банкі монетарлық операциялар департаментінің директоры:

Активтерді жеке басқаруға беру бағалы қағаздар нарығына серпін береді деп сенеміз. Сонымен қатар, жеке басқарушы компаниялар нарығының дамуына, бәсекелестікті күшейтуге, активтерді басқару тиімділігін арттыруға өз септігін тигізеді. Біз барлық тәуекелді ескеріп отырмыз.


Хабарламаларға жазылу