Президент ШЫҰ-ның саммиті аясында Моңғолия басшысы УхнаАгИйн ХурэлсУхпен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы плюс» форматындағы отырыстың табысты өтуіне конструктивті үлес қосқаны үшін әріптесіне разылығын жеткізді.
Мемлекет басшысының айтуынша, Моңғоля - Азиядағы маңызды серіктестеріміздің бірі. Кездесуде, тараптар сауда-экономикалық ынтымақ, тауар айналымын ұлғайту, көлік-транзит әлеуетін арттыру перспективалары талқылады. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев, екі ел арасында әуе рейстерін арттыру керектігін айтты.
Динара Жарқынбек