Өзбекстанның ақпарат құралдары да Астана саммиті жайлы үздіксіз хабар таратты. «Қытай Қазақстанның БРИКС-ке кіруін қолдайды. Бұл туралы Си Цзиньпин Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі кезінде айтты деп жазады КунУЗ саиты. Онда Қытай басшысының «Шанхай ынтымақтастық ұйымын құрудың бастауында Қытай мен Қазақстан тұр. Ұйымның қызметін дамыту мен өзара ынтымақтастықты ілгерілетуде Қазақстан төрағалығының елеулі үлесі бар» деген сөзін келтірген. Елдегі тағы бір беделді ақпарат құралы Анхор УЗ Беларусьтің ШЫҰ-ға ресми түрде мүше болғаны жайлы ақпаратпен бөлісті. «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь ұйымға толыққанды қатысу үшін барлық рәсімдерді жылдам аяқтағанын атап өтті. Осылайша, көрші ел ШЫҰ-ның толыққанды, оныншы мүшесі болды» деп жазады өзбек еліндегі әріптестеріміз.
Базаркүл Отыншиева