ШЫҰ аясында 100-ге жуық шара ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ аясында 100-ге жуық шара ұйымдастырылды

04.07.2024

Бүгінде ШЫҰ-ның беделі артып қана қойған жоқ, оның құрамы кеңейіп, күн тәртібінде қаралатын мәселелер де көбейді. Бастысы, тұрақтылық пен жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыра алатын беделді ортаға айналып келеді, дейді шетелдік сарапшылар.

Өзбекстан

Мурат Бахадиров - Әлемдік экономика және дипломатия университетінің доценті, сарапшы:

Халықаралық қарым- қатынас жылдам өзгеріп жатыр. ШЫҰ- ның көптеген диалог алаңдарынан айырмашылығы – қарама-қайшылыққа емес, интеграция мен ынтымақтастыққа негізделген форматында. Бұған дейін ШЫҰ-ның қызметі Орталық Азия өңіріндегі мәселелерге негізделген еді. Ал, қазір Еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және тұрақтылықты сақтауға бағытталып отыр. Жаңа ережелерді ұсынатын халықаралық институттар сұранысқа ие бола бастады. Бұл ретте ШЫҰ жаһандық тұрақтылық пен жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыра алатын беделді орталыққа айналды.

Мәскеу

Дмитрий Новиков, Саясаттанушы:

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Қазақстан жетекшілік еткен тұста жанданды. Міне енді Беларусь та мүшелікке қабылданып отыр. Өйткені дәл осы алаңда маңызды стратегиялық шешімдер қабылданады. Айта кететіні, мүше елдер арасындағы қарым-қатынас достық сипатқа ие. Алдағы уақытта ұйым экономикаға басымдық беріп, мүше елдердің өмір сапасының артуына сеп болмақ.

Индира Бегайдар, Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу