Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының да жіті назарында.
Штаб пәтері Лондонда орналасқан “Рейтер” агенттігі Астанаға ат басын бұрған әлем елдерінің көшбасшыларын таспалап та, маңызды басқосулар туралы жазып та жатыр. “Саммитте есірткі саудасы сияқты сыртқы қауіп-қатерлерге қарсы тұру әрекеттері талқыланады”, дейді халықаралық ақпарат агенттігі. 24 сағат жаңалық тарататын британиялық Скай ньюс телеарнасы жиында көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері сөз болатынын айтады. Cараптамалық тақырыптарда мақалалар жариялайтын The Guardian (Зе Гардиан) және The Economist (Зе Экономист) басылымдары да саммитте қабылданатын стратегиялық маңызды шешімдер туралы қалам тербейді.