Иран Ислам Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохбер Қазақстанға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран Ислам Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохбер Қазақстанға келді

04.07.2024

Иран Ислам Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохбер Қазақстанға келді. Астана әуежайында оны Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин қарсы алды. Мохаммад Мохбер Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.

Өткен жылы Нью-Делидегі саммит барысында Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына толыққанды мүшесі ретінде кіруі нақты рәсімделді. Иран -- мемлекетаралық бірлестіктің тоғызыншы мүшесі. 

Хабарламаларға жазылу