Әлем саясаткерлері Қазақстанды - тұрақтылық, тату көрші сөздерімен байланыстырады - Дмитрий Журавлев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем саясаткерлері Қазақстанды - тұрақтылық, тату көрші сөздерімен байланыстырады - Дмитрий Журавлев

03.07.2024

Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткен уақытта ұйымды пайдалы платформаға айналдырды. Сондықтан жаһан жұртының ұйымға деген қызығушылығы арта түсті. Энергетикалық қауіпсіздік, экономикалық серіктестік сияқты маңызды бағыттар Қазақстан таныстырған бағдарламадан көрініс тапты, дейді ресейлік сарапшы.

Дмитрий Журавлев, РФ Аймақтық мәселелер институтының қызметкері:

Қазақстан ШЫҰ төрағалық еткен уақытта көтерген бастамалары, барлық Еуразия кеңістігі үшін маңызды. Осы уақыт ішінде ұйымның дәрежесі өскенін көріп отырмыз. Бұл Қазақстанның дұрыс бағыт таңдағанын көрсетеді. Қазір әлем саясаткерлері Қазақстанды - тұрақтылық, тату көрші және ілгерілеу деген сөздермен байланыстырады. Яғни сапалы дипломатиялық жұмыс осындай тұрақсыз геосаяси кезеңде өз нәтижесін берді. Енді барлық мүше елдердің саммиттен үміті мол. Қабылданатын декларация ұйымның жұмысын тағы алға жылжытады.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу