Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Әуежайда оны Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қарсы алды.
Жалпы, қазір Қазақстан мен Әзербайжан арасында екіжақты тауар айналымының тұрақты өсімі байқалады. Мәселен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша, өзара сауда 14,4%-ға өсіп, 529,4 миллион долларға жеткен. Биыл да, оң үрдіс сақталып отыр. Сондай-ақ, Әзербайжан аумағы арқылы Еуропа бағытында қазақстандық мұнайды жеткізу жолға қойылған. Биыл қаңтар-сәуір айларында 494 мың тонна мұнай жөнелтілді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әзербайжан Президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/196043/)