Қытай президентінің Қазақстанға сапары әлем ақпарат құралдарында негізгі тақырыптардың біріне айналды.
Британияның The Гардиан газеті, арнайы материал әзірлеп, Бейжіңнің 2013 жылдан бері бір ғана Қазақстанның өзіне 9 жарым миллиард доллардан астам инвестиция салғанын атап өткен.
Ал The Чайна дэйли басылымы Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескенін хабарлады. Және де бұл медиа ұйым, Сидің сәрсенбі күні Астанадағы Ақордада өткізген қарсы алу рәсіміне қатысқанын да айтқан.
Түріктің «Анадолы агенттігі» болса, басты мақаласын «Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті қарсаңында, Си көп полярлы әлемге жақтастығын білдірді» деген атпен жариялады.
Азия-Тынық мұхит аймағындағы мәселелерге қалам тербейтін The Diplomat (Дипломат) журналы Астана саммитінде Беларусьтің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына оныншы ел болып кіретінін хабарлады.
Ал Американың CNN (Си-эн-эн) телекомпаниясының дерегінше, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы өз қатарына Беларусьті қабылдай отырып, әлем халқының 40 пайызы тұратын ұйымға айналмақ.