ШЫҰ тұрақтылық пен қауіпсіздікке кепіл бола алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ тұрақтылық пен қауіпсіздікке кепіл бола алады

03.07.2024

Қазақстан мен Қытай жаңартылған энергия көздерін дамыту және көлік инфрақұрылымы саласында екі жақты ынтымақтастықты арттыруға барынша мән беріп отыр. Сиань құрғақ порты іске қосылды. Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізі тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Қытай-Еуропа контейнерлік темір жол желіснің екі ел экономикасының дамуына ықпалы зор. Қос мемлекеттің келешекке жоспары айқын дейді халықаралық сарапшылар.

Бян Иенг Зу, Халықаралық сарапшы:

Екі ел басшысының жиі кездесуі – Астана мен Бейжің қарым-қатынасының маңыздылығын көрсетеді. Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстың болашағы бірнеше негізгі факторлармен айқындалады. Оған білім, ғылым, технологиялық ынтымақтастықты жатқызар едім. Қазіргі кезде цифрландыру, инновация, әсіресе ғылым саласында өзара іс-қимылды ұлғайту екі елге де алдыңғы қатарда болуға мүмкіндік береді. Бұл Астана саммиті аясында айтылып, талқыланатын негізгі бағыттардың бірі. Түптеп келгенде, бұның бәрін жүзеге асыруда елдің саяси тұрақтылығы мен қауіпсіздігі қажет. Оған Шанхай ынтымақтастық ұйымы кепіл бола алады.


Хабарламаларға жазылу