Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің кортежін өзі күтіп алды. Мәртебелі мейманның құрметіне Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары Қытай туымен түстес қызыл, сары жолақ із қалдырып, ұшып өтті. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырып, екі елдің әнұрандары орындалды. Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.