Дайджест: Астана әуежайы тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дайджест: Астана әуежайы тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді

01.07.2024

ШЫҰ САММИТІ ҚАРСАҢЫНДА

АСТАНА ӘУЕЖАЙЫ ТӘУЛІК БОЙЫ КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

ҚОСЫМША 100-ДЕН АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ТАРТЫЛАДЫ

ШЫҰ саммиті кезінде Астананың әуежайы тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Оған қосымша 100-ден астам жұмысшы мен ерікті тартылады. Ал теміржол вокзалдары штаттық режимде жұмыс істейді.

*

ҚАЗА ТАПҚАН 4 БАЛАНЫҢ ДЕНЕСІ ӨСКЕМЕНГЕ ЖЕТКІЗІЛДІ

ҚЫРҒЫЗСТАНДА БОЛҒАН СЕЛДЕН 9 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

ОНЫҢ ТӨРТЕУІ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ

БЕСЕУІ – ҚЫРҒЫЗ АЗАМАТЫ

Қырғызстанда қаза тапқан төрт баланың денесі Өскеменге жеткізілді. Ош облысының Науқат ауданында сел жүріп, 9 адам көз жұмды. Оның төртеуі – қазақстандық. Қалған бесеуі - қырғыз азаматы. Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

*

ҚЫТАЙДА ЖАҢБЫР СОҢЫ ТАСҚЫНҒА ҰЛАСТЫ

КӨШЕЛЕР СУҒА ТОЛЫП, ЕГІСТІК АЛҚАПТАРЫН СУ БАСТЫ

ТҰРҒЫНДАР ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ

Қытайдың оңтүстік-батысында үздіксіз жауған жаңбыр соңы су тасқынына ұласты. Гуйчжоу провинциясының Мяо және Дунь қалаларында көше суға толып, егістік алқаптары су астында қалған. Өзендер тасып, кейбір аудан тұрғындары эвакуацияланды.

*

ГРЕКИЯДА ОРМАН ӨРТЕНІП ЖАТЫР

ОНЫ СӨНДІРУГЕ ЖЕЛ КЕДЕРГІ КЕЛТІРУДЕ

ТҰРҒЫНДАР ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ

Грекия астанасы Афины маңында орман өртеніп жатыр. Оны сөндіруге ұйтқыған жел кедергі келтіруде. Тілсіз жаумен күреске мыңдаған адам мен 20 шақты тікұшақ тартылды. Біраз адам қауіпсіз жерге көшірілді.

*

ДОЛЛАР ҮШ ТЕҢГЕГЕ ҚЫМБАТТАДЫ

САРАПШЫЛАР МҰНЫ ТУРИСТЕРДІҢ КӨБЕЮІМЕН БАЙЛАНЫСТЫРАДЫ

Қазақстанда доллар өсті. Қазір бір доллардың орташа бағамы – 475 теңге 18 тиын. Ұлттық банк сарапшылары бағаның құбылуын жаз мезгілімен және ипорттың артуымен байланыстырады. Себебі, жазда шетелдік турист саны артады.

Хабарламаларға жазылу