Ақмола облысында еріктілердің еңбегі еленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында еріктілердің еңбегі еленді

02.07.2024

Сын сағатта сыр бермеген еріктілердің еңбегі еленді. Тасқын кезінде тәулік бойы тыным таппай, құтқарушылар мен қарапайым халыққа көмек қолын созған көкшетаулық Анаргүл Мушканова, Президент қолынан «Шапағат» медалін алды.

Ол тасқын кезінде жаға бекітіп, апаттың алдын алғандарға күн-түн демей ыстық тамақ дайындады. Сегіз күн бойы төтенше жағдай жарияланған Атбасар, Бұланды, Жарқайың аудандарында жұмыс істеді. Үйіне су кірген тұрғындарға да қолынан келгенше көмек беріп, азық-түлік, жылы киім-кешек таратты. Оның бұл еңбегі елеусіз қалмады.

Анаргүл Мушканова, Ерікті:

Тасқын кезінде біз бір сәтте тыныш отыра алмадық. Бірден төтенше жағдай жарияланған ауыл-аймақтарға бардық. Халықтың, құтқарушылардың жанында болдық. Жұмыс істеп жүрген адамдарға ыстық тамақ қажет екенін байқап, күн-түн демей дәмді ас пісіруге тырыстық. Қиын сәтте мойыған жоқпыз. Еңбегіміз елеусіз қалмай, осындай марапатқа ие болғанымызға қуаныштымыз.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу