Президент елге инвестиция тартуға ерекше басымдық береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент елге инвестиция тартуға ерекше басымдық береді

02.07.2024

Мемлекет басшысы Қазақстанға инвестиция тарту ісіне ерекше басымдық береді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шет елдердегі сапарларында жүргізген келіссөздері де, көп күттірмей нәтиже бере бастады.

Мысалы, Алматы облысында 2026 жылы әлемге әйгілі Pepsico компаниясының Орталық Азиядағы ең ірі зауыты ашылады. Биыл Шымкентте түркиялық серіктестермен бірлесіп, ірі жылыжай кешені құрылысының бірінші кезеңі аяқталады. Президент қытайлық әріптестермен Абай облысында жылына 300 мың тонна мыс қорытатын зауыт салу туралы келісімге қол жеткізілгенін де айтты. Атырау облысында полиэтилен шығаратын интеграцияланған газ-химия кешенін салу көзделіп отыр.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу