Қазақстанға Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ҚХР Төрағасы мемлекеттік сапармен келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ҚХР Төрағасы мемлекеттік сапармен келеді

02.07.2024

Бүгін Қазақстанға Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен, Қытай Халық Республикасының Төрағасы мемлекеттік сапармен келеді. Қазақпарат агенттігінің хабарлауынша, сапар қарсаңында Президент, «Жэньминь Жибао» тілшісіне сұхбат беріп, Қытаймен достық пен тату көршілікті одан әрі нығайту басымдыққа ие екенін айтты. Бұл ұстаным екі ел халқының түпкі мүддесіне толық жауап береді және өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа ықпал етпек, - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті

«ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин пандемиядан кейінгі алғашқы шетелдік сапарын 2022 жылы Қазақстанға жасады. Мен былтырдан бері Қытайға үш рет сапармен бардым. Біздің тұрақты достық байланысымыз мемлекетаралық қарым-қатынастардың үдемелі дамуының берік негізі саналады. Бұл тұрғыда өзара байланысымыз жаңа «алтын 30 жылдық» аясында дами түседі. Менің досым, құрметті Төраға Си Цзиньпинмен кездесулерімізді ерекше жылылықпен еске аламын. Біз үнемі өзара ашық әрі сенім жағдайында өзекті мәселелерді талқылап, халықаралық күн тәртібі бойынша пікір алмасамыз. Мұндай тұрақты өзара байланыс форматы бір-бірімізді жақсы түсінуге мүмкіндік береді, яғни бұл жағдай халықтар арасындағы достықты нығайту үшін өте маңызды деп айта аламыз».


Армангүл Тоқтамұрат

Хабарламаларға жазылу