Грекия астанасы Афины маңында орман өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекия астанасы Афины маңында орман өртеніп жатыр

01.07.2024

Грекия астанасы Афины маңында орман өртеніп жатыр. Мұнда өрттің екі ошағы анықталған. Оларды сөндіруге ұйытқыған жел кедергі келтіруде. Соңғы мәліметке қарағанда, тілсіз жаумен күреске ондаған адам мен аспаннан су төгетін 23 тікұшақ тартылды. Ал қарағай мен зәйтүн ағаштары үйлерді шарпымас бұрын бірталай адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Грекияда жасыл желек жыл сайын отқа оранады. Бірақ, кейінгі кездері жаһандық климаттың өзгеруінен бұл елде жаз тым ыстық әрі құрғақ. Сондықтан орман өрттері адам өміріне үлкен қатер төндіріп отыр.


Хабарламаларға жазылу