Қазақстан мен Қытай арасында мәдени байланыс нығая түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қытай арасында мәдени байланыс нығая түседі

01.07.2024

Қытай Қазақстанға қатысты тарихи құжаттар мен жәдігерлерді қайтармақ. Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Қытай халық республикасының мәдениет және туризм министрі Сунь Ели кездесіп, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық мәселелерді талқылады. \

Жүздесуде Аида Балаева шетелдік әріптесін Астанадағы «Қытай мәдени орталығының» сәтті ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, елімізге тиісті тарихи деректер мен экспонаттарды қайтару бойынша жұмыс істеуге әзір екенін айтты. Ал мәртебелі мейман Сунь Ли бұл жұмысқа тез арада іске кірісетінін жеткізді. Басқосу соңында тараптар екі ел арасындағы мәдени байланыс нығаятынына сенім білдірді.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

Қазақстан мен Қытай үшін мәдени орталықтардың ашылуы айтулы оқиға болатындығын айта кету маңызды. Осы бағыттағы өзара байланыс болашақта тек қарқынды түрде дамып, екі ел халқы үшін оң нәтиже береді. Бұл мәдени алаң халықтарымыздың бір-біріне жақын болуына мүмкіндік береді деп сенемін.

Хабарламаларға жазылу