ШЫҰ саммиті қарсаңында Астана полицейлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Жасақ саны ұлғайтылып, бейнебақылау камералары арқылы бақылауға басымдық берілмек. Қалаға кіреберіс жолдарда тексеріс те күшейді. Бірақ азаматтардың шаһарға кіріп-шығуына еш кедергі жоқ. Ал электр самокаттардың жүруіне 5-шілдеге дейін тыйым салынды. ШЫҰ-ның саммиті Астанада 3-4 шілдеде өтеді.
Динара Жарқынбек