Қырғызстанда қаза болған 4 баланың денесі Өскеменге жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанда қаза болған 4 баланың денесі Өскеменге жеткізілді

01.07.2024

Қырғызстанда қаза тапқан төрт баланың денесі арнайы бортпен туған жері Өскеменге жеткізілді. Ош облысының Науқат ауданындағы сел салдарынан мерт болғандардың төртеуі қазақстандықтар. Қайғылы оқиғадан бір күн бұрын екі ұл мен екі қыз анасымен бірге туыстарына қонаққа барған. Барлығы 9 адам 28 маусымда Абшыр ата демалыс аймағындағы су қоймасында демалу үшін жолға шыққан. Тасқын 19, 16, 11 және 8 жастағы балаларды ағызып әкеткен. Марқұмдардың денесі бір тәуліктен соң табылды. Бүгін Шығыс жұрты Қырғызстанда мерт болған балалармен қоштасып жатыр.

Сәуле Алагөзова, Өскемен қалалық Білім беру басқармасының басшысы:

Бүгін бүкіл қала жұрты балалармен қоштасу рәсіміне келіп жатыр. Жағдайды естігенде соңына дейін аман қалар деп үміттендік. Ата-анаға ең ауыр соққы-ол балаларын жер қойныныа тапсыру. Марқұмдардың ата-анасы мен жақындарына көңіл айтамыз.

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі, аймақта тағы да сел жүру қаупі барын ескертеді. Сондықтан, тұрғындар мен туристерді сақ болуға шақырды.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу