Францияда парламенттік сайлауда әсіре оңшылдар басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда парламенттік сайлауда әсіре оңшылдар басым түсті

01.07.2024

Францияда өткен парламенттік сайлаудың бірінші турында әсіре оңшылдар, яғни, нәсілшілдер мен әсіре ұлтшылдар басым түсті. Алдын-ала мәліметке қарағанда, Марин Ле Пен мен Жордан Барделланың «Ұлттық бірлестігі» 34 пайызбен алда келеді. Ал президент Эммануэль Макронның центристік партиясы 20 пайызбен үшінші орыннан көрінді. Екінші тур келесі жексенбіде өтеді. Онда тағы да ұтатын болса, оңшылдар парламентте көпшілікке айналып, Еуропа одағының жетекші елдерінің бірі - Франция үкіметі ұлтшыл популистердің қолына өтуі мүмкін.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу