Биылғы 1 шілдеден бастап орман және табиғат қорғау қызметкерлерінің жалақысы өсті. Осы мақсатқа алдағы үш жылдық бюджеттен 8,5 млрд теңге қарастырылған. Тиісті қаулыға Премьер-Министр қол қойды. Құжатқа сәйкес, орман өртін сөндіру стансаларының, орман мекемелерінің, табиғат қорғау және орман орналастыру ұйымдарының қызметкерлері лауазымдық жалақыларына 100%-ға дейін үстемеақы алады. Барлығы 3300-ге жуық қызметкер қамтылады. Орман өртін сөндіруші 1600-ден астам қызметкерге қосымша ақы төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоспарланған. Еске сала кетейік, 2023 жылдың шілдесінде Мемлекет басшысы орман қызметкерлерінің жалақысына 100 пайыз үстемақы төлеуді тапсырған.
Ғабит Ұзақбай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде орман және табиғат қорғау қызметкерлерінің жалақысы өсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/195895/)