Қырғызстанда қаза тапқан 4 баланың денесі елге жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанда қаза тапқан 4 баланың денесі елге жеткізілді

01.07.2024

Қырғызстанда сел кезінде қаза тапқан қазақстандық балалардың денесі арнайы бортпен Өскеменге жеткізілді. Ош облысының Ноокат ауданында көз жұмған 4 жасөпірім Шығыс Қазақстан өңірінің тұрғындары. Аймақ облысы әкімдігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен туыстарына қонаққа барған. Қазір, балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметтерінің мамандары жұмылдырылды. Өңір басшысы Ермек Көшербаев қаза тапқандардың туыстармен кездесіп, көңіл айтты. Сондай-ақ, жерлеу рәсімін өткізуді өз мойындарына алғанын жеткізді. Өңірдің кәсіпорындары мен бизнес өкілдері отбасыларға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу