Қаражар ауылы биылғы тасқыннан ес жия алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаражар ауылы биылғы тасқыннан ес жия алмай отыр

30.06.2024

Түгін тартса майы шығатын бұл ауыл Қаражар деп аталады. Халқы малмен жан бағып отыр. Мына көрініске қарап қарапайым тұрмыс кешкен жер дерсіз. Бірақ...

Күні бүгінге шейін әкімдіктердің алдына барып біз аштан қалдық, көштен қалдық дегеніміз жоқ... Ауылдағы жағдай негізі мүшкіл..

Көктемгі тасқын ауылға кіреберіс жолды шайып кеткен. Сол жолмен бірге елді-мекенге қатынас та үзілген.

Тоқмұхамед Базарбай, Қаражар ауылының тұрғыны:

 Көпір емес, басқа бір жерді жырып суды ағызайық ..Десек бұлар жоқ біз бұны жібермейміз деп әкеліп топырақты үстіне үйе берді. Жібермей қойғаннан кейін су әбден күшейіп алды да көпірді алып кетті.

Азатхан Мақсұтханұлы, Қаражар ауылының тұрғыны:

Көкшетаудан келіп сүт алады кісілер. Есік алдына келіп сүт жинап кетеді. Енді біз сүт дайындап қойып өткіземіз десек олар «өте алмадық, жолдарың жоқ деп» олар тұрады. Сосын біздің сүтіміз талай рет ашып кетті.

Күлзиға Сүлеймен, Қаражар ауылының тұрғыны:

Негізі ауылға қатынап тұрған бір көпір ғана болатын. Қазір сол көпірді алып кеткендіктен ауылға қатынас қолайсыз болып отыр да. Жол жоқ. Кішкентай бір тал дүкеніміз болған ол дүкеннің өзі көпір жоқтықтан ашылмай жатыр әзір. Нан, керек-жарақ бірнәрсе жүгіріп барып алуға жағдайымыз жоқ негізі.

Тоқмұхамед Базарбай, Қаражар ауылының тұрғыны:

 Мына Қаражар деген жер немесе Көкшетау өңірі жиып келгенде Қазақстанның жер жәннаты осы. Бұны ұялмай, қызармай тұрып айта аламын. Жазы жәннат. Мен Қытайда жүргенде ілмиіп аз қалғам. Қытайда мен 70 жыл жасадым. Егер мен Қытайда болсам ендігі өліп қалар едім. Ал мына жерге келгеннен қуаттымын шүкір.

Қырық жыл Қытайда қызмет еткен Тоқмұхамед ата өзі бас болып отыздан аса отбасыны осында көшіріп әкелген. Қазір Қаражарда қоныстанғандардың дені Алтайдың ар жағынан келген қандастар. Көпірді көзбен көруге барған біз бұл ауылдың мәселесі шаш етектен екенін білдік.

Тоқмұхамед Базарбай, Қаражар ауылының тұрғыны:

 Үш жағын соның бірте-бірте содан бері қарай бірте-бірте егістік жерге айналдыра солтүстік жақты алып болды. Батыс жақты алып болды, оңтүстік жақты алып болды. Ал бізге қалғаны мынадан әрі қарай Макинкаға дейінгі азырақ жер. Соған азырақ мал ұстап бірдеңе қыламыз.

Бұл ауылдың малы жайылымнан таршылық көрсе, адамы ауыз судың азабын тартып отыр.

Әлия Ғазизбек, Қаражар ауылының тұрғыны:

Қыста тіпті қиын 2-3 күнде бір әрең әкеліп аламыз. Баклашкалап қарлардан асып жүріп... Сусыз отыратын күндеріміз де болды. Су болмаса сонда қалай күн көресіздер? Енді сол кейде қар ерітеміз. Кір жуамыз, ішіп те қоямыз. Өйткені анау колонкаларда су да болмай қалады. Алыстан тасимыз.

Азатхан Мақсұтханұлы, Қаражар ауылының тұрғыны:

 Бір километр айналамыздан су тасимыз. Су тасығанда қыста ит көрместі көреміз. Қар 2 метр жауып тастайды. Одан қардан өте алмаймыз. Ал қарымызды тазалап бер десек біздің әкімде тіке өзінде погрузчик жоқ. Ол басқа жерден жалданып келеді. Кейде келеді, кейде келмейді ол да.

Күлзиға Сүлеймен, Қаражар ауылының тұрғыны:

Қыстыңгүні жолды ашпайды мына біздің әкіміміз. Содан ашпағанда неше күннен бері «ашыңдар, кіре алмай қалдық, шыға алмай қалдық» дейміз да...

Олай дабыл қағуының себебі ауылдағы білім ордасы бала санының аздығына байланысты жабылып қалған. Сондықтан мектеп жасындағылар Шучье қаласына немесе көрші ауылдарға қатынайды. Ал боранда үйде отырып онлайн оқиын десе...

Әділбек Ақсәли, Қаражар ауылының тұрғыны:

Үйге кіріп келсек телефон кісілерден келмейді. Біреу звондайды айтады: «неге телефон алмайсың, неге көтермейсің» дейді. Телефон тартпайды. Сол үшін әні төбеге орнатып қойдық. Уай-фай сол. Қолдан істеп анадай орнатып қойдық. Далаға шықсақ әйтеуір бірдеңе аламыз. Ақшамыз текке кетіп жатыр ғой интернетке төлеген. Ай сайын бір семьяда үш-төрт адам болса 10-20 мың төлейсің сонда. Біз өзіміз қойып алдық қой соны. Жасап-жасап сым орнатып, ішіне тоқ жүргізіп.

Дәлелхан Орысханұлы, Қаражар ауылының тұрғыны:

Одан кейін мал ұрлығы көп бізде. Жылына 10 тұяқтай мал кетеді. Жылына ұрлайды малды. Былтыр алдыңғы жылы 4 қой, 1 бұзау жоғалттым. Қорамнан алып кетті. Біз учаскелерге айтамыз. «Табамыз, табамыз» дейді. Жоқ болады. Содан бері дерек жоқ.

Әбден қапа болған жұрт өзінше әрекет етуге көшкен.

Ауылдағылардан ащы да болса : «Неге көшіп кетпейсіздер?» деп сұрап көріп едік...

Дәлелхан Орысханұлы, Қаражар ауылының тұрғыны:

  Кете алмайсың, қалай кетесің? Қолыңда ақша жоқ. Сатайын десең үйіңді ешкім алмайды. Кім алады, интернатың жоқ, мектебің жоқ, суың жоқ, жолың жоқ, көпірің жоқ кім келеді? Байлап қойса да тұрмайды бізден басқа адам.

Азатхан Мақсұтханұлы, Қаражар ауылының тұрғыны:

Сосын ана балаларымыз сұрайды: «Әке, ана не дейді? Қашан оңдайды?» дейді. Біз айтамыз келесі жылы оңдайды, оның арғы жылы оңдайды деп. Енді балаларымыз да сенбейтін болды. Қандай ұрпақ тәрбиелеп жатырмыз сонда? Біз жаңағы болашағына сенбейтін ұрпақ тәрбилеп жатқан сияқтымыз.

Қаражар ауылы Атамекен ауылдық округіне қарайды екен. Яғни әкім сонда отырады. Осы сұрақтардың жауабын алмаққа сонда барғалы тұр едік, әкімнің өзі келді. Алдымен жайылымның жайын сұрадық.

Қанай Есекей, Атамекен ауылдық округінің әкімі:

 Мынау ауылдың айналасының жері мемлекеттің меншігінде ме? Ешкімге берілмеген бе?- Менің уақытымда ешкімге ештеңе берілген жоқ. Мен жұмыс істегенде. - Ал сізге дейін ше?- Оны айта алмаймын мен. - Жердің кімге тиесілі екенін білмейсіз бе?- Ааа, білем иә... Ол уже қай заманнан бері келе жатқан «Бурабай 2007» деген компания.

Ал кіреберіс жолды биыл бітіреміз дейді.

Қанай Есекей, Атамекен ауылдық округінің әкімі:

Мынаны біз Алла жазса бізде қазір проект дайын. Ведомэкспертиза дайын. Конкурс объявлять етеді. Только біз емес заказчик ол болады Бурабай ауданының жолдар бөлімі. Осы жолы проект Алла жазса жүзеге асырамыз. Уже августте бастаймыз жұмыстары. 1 километр, 150 метр асфальт саламыз.

Ауыз су мәселесі ше? Ол қалай шешіледі?

Қанай Есекей, Атамекен ауылдық округінің әкімі:

 Қаражар ауылының проект-сметалық құжат дайын. Бюджетный заявка берді. Ол отдел строительство айналысады онымен. Алла жазса, біз күтіп жатырмыз.

Біз де әкімше айтқанда «Алла жазса күзде келеміз. Уәденің қаншалықты орындалғанын көреміз» деп кеттік. «Келіңіздер» деп ауыл әкімі қалды...

Елдос Есенбол, тілші:

Іргеде осындай орман. Белуардан келетін шүйгін шөп. Күйлі мал, тұмса табиғат. Ақсақал айпақшы, бұл жер расында жер жәннаты деуге келетіндей. Біз «ауылды гүлдендіру керек, ауылды дамыту керек» деген асқақ, пафосты сөздерді жиі айтамыз. Бірақ Қаражар секілді ауылдардың тіршілігіне қарап сөзіміз бен ісіміз қаншалықты қабысып жатыр деген ойға қаламыз.

Елдос Есенбол


Хабарламаларға жазылу