Ақмола облысында «Қаз хабы» жобасы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында «Қаз хабы» жобасы іске қосылды

28.06.2024

Ақмола облысындағы Амангелді ауылында «Қаз хабы» жобасы іске қосылды. «Ауыл» паритясы тұрғындарға қаз балапандары мен құрама жемді тегін берді. Мақсат- ауыл тұрғындарына қаз өсірудің технологиясын үйретіп, табыстарын арттыру.

Қуаныш Үсенов, «Ауыл» партиясының ақпараттық- талдау жұмысы бөлімінің басшысы:

800 қаз балапанын алып келдік. Оны Амангелді ауылының 5 тұрғынына таратамыз. Әр аула 160 қаз алатын болады. 160 қаздың күзде 40 қазын бізге ет ретінде қайтарып береді. Бұл ет қалаға, базарларда сатылады. 

Осылайша, қаз асыраушылар 5 ай ішінде шамамен 1 млн теңге табыс табады. Сондай-ақ 100-ге жуық қаз өздерінде қалады. Болашақта Амангелді ауылында инкубациялық жұмыртқа өндіру, мамық пен қауырсынды қайта өңдеп, етті консервілеу үшін қаз фермасы ашылады. Негізгі мақсат - «Бір ауыл - бір бизнес» қағидасымен ауыл жұртшылығын жұмыспен қамту.

Сағындық Ибраев, Амангелді ауылының тұрғыны:

Қаздың бағдарламасын естіп, «Ауыл» партиясы осындай бір ұсыныс жасады, көктемде келіп. Сол бағдарламаға қатысайық деп, жобаға қосылдық. Бүгін сол бізге қаздың балапандарын әкеліп тапсырып жатыр. 160 бас қаздың балапанын алдық. 

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу