Атом электр станциясының құрылысына қатысты ашық талқылау еліміздің барлық өңірінде өтіп келеді. Осы салаға қатысы бар мамандардан бөлек кез келген адам өз пікірін білдіре алады. Ал еліміздегі инженерлер тозығы жеткен нысандарды жаңғыртқаннан көрі, атом электр станциясын салу әлдеқайда тиімді деп отыр. Себебі, Қазақстандағы электр энергиясын өндіретін станциялаардың 70 проценті жарты ғасыр бұрын салынған.
Асуан Сиябек, «Қазақстан атом электр станциялары» жшс инженері:
Біз тек қана заманауи технологияны қарастырып жатырмыз. 3 буынды, реакторлық технология. Соның ішінде қысымда тұрған су реакторлары. Олар 50-ші жылдан басталады. Бірақ осы кезге дейін ешқандай апат болған жоқ. Жұмыс істеп келе жатқан реакторлар.
Тәуірбек Бозекен