Сауалнама: Халықтың 70%-ы «Мемлекет дұрыс бағытта келе жатыр» деп есептейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауалнама: Халықтың 70%-ы «Мемлекет дұрыс бағытта келе жатыр» деп есептейді

28.06.2024

Қазақстандықтардың 70 пайызы мемлекет дұрыс бағытта келе жатыр деп есептейді. Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген әлеуметтік сауалнама осыны көрсетті. Оған 17 облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан 18 жастан асқан 8000 респондент қатысты.

«Сіздің отбасыңыздың материалдық жағдайы соңғы бір жылда қалай өзгерді?» деген сұраққа респонденттердің 31,1% өзінің және өз отбасының қаржылық жағдайы біршама жақсарды десе, 31,6% өзгерген жоқ, сол күйінде қалды деп жауап берген. Сауалнамаға қатысқандардың 27,1%-ы өз әл-ауқатының жоғарылағанын айтқан. Ал 8,6%-ы қаржылық жағдайы белгілі бір дәрежеде нашарлады деп есептейді. Сондай-ақ, «Қалай ойлайсыз, бір жылдан кейін сіз қазіргіге қарағанда жақсырақ өмір сүресіз бе, әлде нашарлау ма?» деген сұраққа қатысушылардың 37,6%-ы «айтарлықтай жақсарады» десе 30,7 проценті «біраз жақсарады» деген. 18,5 проценті «қазіргі қалыпта қаламыз» деген пайымда болса, 2,4 проценті «біраз нашарлайды», 1,2 проценті «айтарлықтай нашарлайды» деген пікірде.

Жалпы қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелері халықтың қаржылық жағдайындағы оң өзгерістерді және ел азаматтарының жоғары әлеуметтік оптимизмін көрсетеді.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу