Павлодар облысында электростанциядан техникалық ақау шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында электростанциядан техникалық ақау шықты

28.06.2024

Екібастұздағы ГРЭС-1 электр станциясынан техникалық ақау шығып, бірнеше энергоблоктың жұмысы тоқтап қалды. Салдарынан, станцияның өндірісі 2080 мегаваттан 320 мегаватқа дейін төмендеген. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, қазір блоктарды іске қосу жұмыстары жүріп жатыр. Технологиялық ақау тексерілуде. 

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу