Париждегі Олимпиада ойындарына билеттер қанша тұрады, қалай сатып алуға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париждегі Олимпиада ойындарына билеттер қанша тұрады, қалай сатып алуға болады

28.06.2024

Париж Олимпиадасының басталуына бір ай қалды. Төрт жылдықтың басты додасын тамашалауға мүмкіндік беретін бір тілім қағаздың

орташа құны – 50 мың теңге. Бүгінде он млн-ға жуық билеттің жартысы сатылып кеткен. Олимп ойындарындағы ең арзан билет - гольф бағдарламасында. Кіру құны шамамен 11 мың теңге болса, жеңіл атлетика бағдарламаларын жақыннан көру 110 мың теңгеге дейін жетеді. Себебі, желаяқтарға көрермен тарапынан қызығушылық жоғары. Ал ойындардың ашылу салтанатының билеті 49 мың теңгеден басталады.

Мари-Катрин Эттори, Париж Олимпиадасының салтанатты шараларын ұйымдастырушы:

Бұл - Трокадеро алаңы. Мұнда жоғары лауазымды тұлғалар мен ашылу салтанаты кезінде Сена өзені бойымен жүріп өтетін спортшылар отыратын болады. Бұл орындардың барлығы салтанатты шара кезінде қоюшы-суретшіміздің сценарийіне сай түстерге көмкеріледі. Дәл осы жерде Олимп ойындарының ашылу салтанатында алау жағылады.

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу