Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облысындағы жаңа жылу электр орталығы құрылысының барысымен танысты. Әзірге энергетикалық нысанға арналған жерді қазу жұмыстары аяқталған. Жабдықты орнатуға негіз қаланып жатыр. Құрылыс алаңына 600-ге жуық адам мен 60 бірлік техника жұмылдырылған. Нысан 2025 жылы пайдалануға берілмек. Қазір жобаны іске асыруға 70 млрд теңгеден астам инвестиция құйылған. Олжас Бектенов өңір экономикасының қарқынды дамуы үшін қосымша энергия қуатының маңызы зор екенін және нысан құрылысы мемлекет басшысының ерекше бақылауында екенін айтты.
Қаракөз Тұрмағамбет